-
-
-

+7 (747) 094-29-09; Мы в WhatsApp >>

Новые правила в закупках

Новые правила в закупках, которые вы могли пропустить

Апрель насыщен изменениями в законодательстве о госзакупках, некоторые из которых вступают в силу с мая 2024 года. Внесли правки как в правила госзакупок, так и в закон. В марте приняли еще три постановления об изъятии ТРУ из национального режима.

Скидка 15% на журнал >>>

Рады приветствовать Вас на сайте для специалистов в сфере государственных закупок!

gz.mcfr.kz – профессиональный сайт и многие особо ценные материалы доступны только зарегистрированным.
Пройдите регистрацию и читайте материал бесплатно.
Регистрация меньше минуты.

Зарегистрируйтесь, и в подарок Вы получите трехдневный доступ к справочной системе «Actualis: Госзакупки».

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Для скачивания файла зарегистрируйтесь

Все материалы на портале gz.mcfr.kz созданы экспертами в области госзакупок.
Материалы абсолютно бесплатные.
Чтобы скачать файлы, Вам нужно только зарегистрироваться.

Зарегистрируйтесь, и в подарок Вы получите трехдневный доступ к справочной системе «Actualis: Госзакупки».

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
×

ДАРИМ ПОДАРКИ ЗА РЕГИСТРАЦИЮ!
ТРЕХДНЕВНЫЙ ДЕМО ДОСТУП И СКИДКУ 30%

На справочную систему "Actualis: Госзакупки"
Активировать демо   Получить скидку
Государственный заказ. Вопросы и ответы
-

Заңды тұлға – ҚР резидентінің Ресей Федерациясының мемлекеттік сатып алуларына қатысуы

15 января 2016
79
Средний балл: 0 из 5
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері үшін мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласындағы заңнамалары осы күнге дейін ЕАЭО туралы шарт нормаларымен сәйкестікке келтірілген жоқ.

2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған және Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 14 қазанда ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт  (ЕАЭО туралы шарт) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ЕАЭО туралы шартта XXII «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу» бөлімі қамтылған. ЕАЭО туралы шарттың көрсетілген бөлімі 88-бабының 1-тармағына сәйкес, мүше мемлекеттер (Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы) мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында реттеудің мақсаттары мен қағидаттарын, оның ішінде:

- бір мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны екінші мүше мемлекеттің өзара тануы арқылы электрондық форматта жүргізілетін сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер мен өнім беруші мүше мемлекеттердің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуді айқындайды.

Бұл ретте қолданылмайтын жағдайлар көзделген. Сонымен, ЕАЭО туралы шарттың XXII бөлімі 88-бабының 2-тармағына сәйкес, осы шарттың әрекеті мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын сатып алуға қолданылмайды. Сондай-ақ осы бөлімнің әрекеті мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жүзеге асыратын сатып алуға қолданылмайды.

Мүше мемлекеттерде сатып алу – ЕАЭО туралы шартқа  25-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Нәтижесінде, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өнім беруші компаниялардың Ресей Федерациясының  мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына қатысуына заңды негіз бар деуге болады. Дегенмен іс жүзінде барлығы оңай емес.

Қазіргі кезде ЕАЭО туралы шарт осы күнге дейін   іс жүзінде толық қолданылмай келеді.

Біріншіден, бұл ЕАЭО туралы шарт нормалары мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларында біраз айырмашылықтардың сақталуымен байланысты. Екіншіден – ЕАЭО туралы шарт тараптары нарығы субъектілерінің электрондық цифрлық (сандық) қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) өзара тану үдерісінің аяқталмауы.

Мүше мемлекеттердің заңнамалары  мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды өткізу бөлігінде кейбір мәселелер бойынша соңына дейін реттелмеген және нормаларды қолданудың ортақ, бірыңғай талаптарына келтірілмеген, бұл тиісінше  ЕАЭО туралы шарттың 88-бабында жазылған мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында реттеудің мақсаттары мен қағидаттарын толық көлемде ұстануға кедергі келтіреді.

ЕАЭО туралы шарт тараптары нарығы субъектілерінің ЭЦҚ-ны өзара тану мәселесіне келетін болсақ, бұл арада Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 17 желтоқсандағы № 302 шешімімен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу мақсаттарына арналған электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану жоспары» (бұдан әрі – Жоспар) да іске асырылмаған.

Көрсетілген Жоспарда Қазақстан Республикасында ЭЦҚ-мен жұмыс істеу мақсатында  2014 жылғы 28 ақпанға дейін Ресей мен Беларусьтің электрондық сауда алаңдарын бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ оны тестілеуді толық аяқтау көзделген болатын. Бұл қазақстандық кәсіпкерлердің (өнім берушілердің) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталықтарында алатын электрондық цифрлық қолтаңбаларын Ресей мен Беларусьтің электрондық сатып алуларында қолдануға мүмкіндік беретін еді.

Сондай-ақ Жоспарда көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін «Электрондық нысандағы ашық аукциондар өткізуге арналған электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуі туралы келісімге», оның ішінде Қазақстан Республикасының куәландыру орталықтарының жауапкершілігін қамтамасыз ету тәртібін айқындау бөлігінде  өзгерістер енгізу көзделген.

 Қаржы министрлігі Қазақстан тарапынан ЕАЭО туралы шартты іске асыру жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады. Дегенмен, Қаржы министрлігі қазақстандық компаниялардың Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік сатып алуларына қатысу мәселелері жөнінде кеңес беру бойынша құзыреттілік пен тиісті функцияға  ие емес.

Жоғарыда айтылғандардан келіп шығатыны, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері үшін ЕАЭО аумағындағы мемлекеттік сатып алу жағдайы аяғына дейін шешілді деуге келмейді, өйткені мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласындағы заңнамалары осы күнге дейін  ЕАЭО туралы шарт нормаларымен сәйкестікке келтірілген жоқ. Сонымен қатар, ЕЭК Алқасының № 302 шешімімен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу мақсаттарына арналған электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану жоспары» толық көлемде жүзеге асырылмаған күйінде қалып отыр.

Бүгінгі күні қазақстандық кәсіпорындар ЕАЭО елдерінің  мемлекеттік (муниципалдық)  (коммерциялық сатып алудан басқа) сатып алуларына тек Ресей және Беларусь аумағындағы өкілдіктері (филиалдары) арқылы ғана немесе  қағаз түрінде орналастырылатын тапсырыстарға ғана (бір ғана жеткізуші, баға ұсыныстарын сұрату (котировкаларды сұрату) қатыса алатын болып тұр.

ЕАЭО елдерінде өткізілетін  аталған сатып алулардың үлесінің  аз болуына байланысты, қалай дегенмен де басымдылық жергілікті өнім берушілерге берілетіндіктен, қазақстандық компаниялардың ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуына қолжетімді  тәсілдер соншалықты қызығатындай болып табылмайды. Бұндай сатып алуларға қатысудың мақсатқа сай болуы  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалары ЕАЭО туралы шарт нормаларының талаптарына түбегейлі сәйкестікке келтірілгеннен кейін ғана пайда болады.  ЕАЭО туралы шарт күшіне енгеннен кейін мемлекеттік сатып алу саласындағы нормалар 2015 жылдан бастап қолданылады  және оны қазақстандық компаниялар үшін іс жүзінде қолдануға және пайдалы болады деп күтілген болатын.

Алайда, бұл мәселе толық көлемде шешілмеген күйінде қалып отыр. Қазақстандық өнім берушілердің мүше елдердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілерінің ЭЦҚ-ны өзара тану арқылы электрондық сатып алуларға кедергісіз қатысуын қамтамасыз ету бойынша барлық жоспарлардың соңына дейін жасалып, қолданыла басталуын күтуіне және үміт артуына тура келеді. 

А. А. Абишев

logo

Дорогой коллега, узнайте важные изменения с системой
«Actualis: Госзакупки»

► Что делать Заказчику по договору с негарантирующим
поставщиком электроэнергии
АКТИВИРОВАТЬ ДОСТУП