Тапсырыс беруші техникалық ерекшелікке сай келіп тұрған тауарды қабылдамады

3

Вопрос

Егер тапсырыс беруші техникалық ерекшелікке сай келіп тұрса да, тауарды қабылдамаса, не істеу керек?

Ответ

1. Өнім беруші жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, беру орны бойынша тауарды жеткізеді, электрондық көшірмесі веб-порталда тауарды қабылдау-беру актісіне тіркеледі.

2. Өнім беруші тауар жеткізген күні (жұмыс орындалған, қызмет көрсетілген) веб-портал арқылы тауарды беру-қабылдау актісін (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) ресімдейді. Егер шарт бойынша міндеттеме толық орындалған болса, актілермен бір мезгілде өнім беруші тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарлардағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту туралы есепті жібереді.

3. Тапсырыс беруші өз кезегінде тауарды (орындалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қабылдайды. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қабылдаудан бас тартқан жағдайда ол актіде дәлелді негіздеме көрсетілген ақпаратты – өнім берушінің актіні ресімдеу туралы хабарламасын веб-порталда алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей толтырады.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың талаптарына сәйкес тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген тауардың техникалық ерекшелікте көрсетілген (Шартқа 2-қосымша) талаптарға сәйкестік мәніне бақылау мен тексеру жүргізеді. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығынды өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші жазбаша түрде өнім берушіні осы мақсатта айқындалған өз өкілдері туралы дер кезінде хабардар етуге тиіс.

Осы шартқа қосымшаларда көрсетілген техникалық ерекшелік пен сатып алынатын тауарлар тізіліміне сәйкес тауарлардың кем жеткізілгені анықталса немесе орамды ашқан сәтте жеткізілген тауарда қандай да бір жасырын зауыттық ақаулар табылса, не тауар сапасы дайындаудың техникалық талаптарына толығымен сәйкес келмесе, тапсырыс беруші жиырма күндік мерзімде жарнамалық акт жасайды, ал өнім беруші 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде және өз есебінен тауарды жаңамен ауыстырады. 

Егер тапсырыс беруші негізсіз түрде тауарды қабылдамаса, тапсырыс берушіге шарт талаптарының бұзылғаны туралы және бұзушылық жойылмаған жағдайда сотқа талап арызбен жүгінетініңіз туралы жазбаша түрде хабарлау керек. Поштамен жібергенде хабарламаны алу фактісін белгілеу қажет, содан соң хабарламаны тіркей отырып, сотқа талап арыз бересіз. Азаматтық заңнама нормаларына сәйкес талап арызға тапсырыс берушіден тұрақсыздық айыбын өндіру арқылы жеткізілген тауарды қабылдау және төлеуді қосқан жөн. 

Р. Қарабаева

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль