Тауар жеткізу күні

6

Вопрос

Айналым жасау күні қай күнге сәйкес келуге тиіс? Қай күн тауар жеткізу күні болып табылады?

Ответ

 «Электрондық шот-фактураның жалпы мәліметтерінің» А бөлімінің 3-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) ҚР Кодексінің 237-бабына сәйкес анықталады.

Тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні мыналар болып табылады:

1) егер шарт талаптарына сәйкес тауарды алушыға (сатып алушыға) немесе ол көрсеткен тұлғаға тауардың тұрған жерінде берілуге тиіс болса – тауарды алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған тұлғаның, оның ішінде мұндай тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне мұндай тауарды берудің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған күні;

2) егер шарт талаптарына сәйкес жеткізушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе:

– жеткізуші (сатушы) айқындаған тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;

– тауар жеткізушінің (сатушының) көлік құралына тиеу күні;

3) қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, мұндай тауарды беру фактісін растайтын шарттың, құжаттың тараптары болып табылатын жеткізуші (сатушы) мен алушы (сатып алушы) қол қойған күн.

Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

Бұл ретте:

– орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

– орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы Үлгілік шарттың 5.3-т. сәйкес (ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 19-қосымша) жеткізу өнім беруші тапсырыс берушіге тауарды техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі (Шартқа 2-қосымша).

Үлгілік шарттың 5.4-тармағына сәйкес осы шарттың 5.3-тармағының талаптары сақталған кезде тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі. Мемлекеттік сатып алудың веб-порталында электрондық акт нысанында: өнім берушінің акт жасаған күні, тапсырыс берушіге акт жіберген күні, өнім берушінің актіге қол қойған күні, тапсырыс берушінің қол қойған немесе актіні қабылдаудан бас тартқан күні көрсетіледі. Сонымен бірге өнім берушінің актіге қол қойған (бекіткен) күні тауарларды қабылдау-беру актісінің күні деп саналады, бұдан соң жүйе актіні автоматты түрде тапсырыс берушіге жібереді.

Р. С. Қарабаева

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль