Ерекше тәртіпті қолдану арқылы мемлекеттік сатып алулар

5

Вопрос

Ерекше тәртіпті қолдану арқылы мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде 3 әлеуетті өнім беруші өтінім ұсынды. Олардың барлығын комиссия ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1200 қаулысының 10-б. 77 және 78-т. бойынша өткізбеді. Аталған сатып алуды конкурсқа жіберілмеген үш әлеуетті өнім берушінің біреуімен бір көзден алу тәсілімен жасасуға бола ма?

Ответ

Иә, болады.

ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 105-т. сәйкес, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда:

1) берілген өтінімдер болмағанда;

2) екіден кем өтінім берілгенде;

3) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өтпеді деп танылады.

Қағидалардың 106-т. сәйкес, егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші бес жұмыс күні ішінде мынадай:

1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші 04.12.2015 ж. № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-б. 2 және 3-т. белгіленген жағдайларда қабылдайды.

Заңның 39-б. 2-т. сәйкес өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:

1) осы Заңда көзделген жағдайларда конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда жүзеге асырылады. Осы ереже конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;

2) осы Заңда көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 38-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға алып келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қағидалардың 108-т. көрсетілген жүйелі іс-шаралардың орындалуын көздейді.

Заңның 39-б. 2-т. 1) тарм. көзделген негіздемелер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әзірлеуі мен тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ конкурс және (немесе) аукцион тәсілімен өткізілмеді деп танылған мемлекеттік сатып алудың конкурстық және (немесе) аукциондық құжаттамасында көзделген тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі, төлем талаптары қолданылады.

Қағидалардың 111-т. сәйкес, егер Қағидалардың 105-тармағының 3) тармақшаы бойынша конкурс өткізілмеді деп танылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, конкурстық өтінім берген жұмыс тәжірибесі неғұрлым көп әлеуетті өнім берушіге сұрау салу жібереді.

Р. Қарабаева

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль