Мүгедектер ұйымдары арасындағы сатып алулар

2

Вопрос

Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасындағы сатып алулар өткізілмеді деп танылды. Бір көзден алу тәсілімен шарт жасау үшін, коммерциялық ұсыныс сұрату керек пе?

Ответ

Конкурс (аукцион), баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылатын негіздемелер тізбесі бұл жағдайда мыналар болып табылады:

1) конкурсқа, аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа, аукционға қатысуға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;

3) егер конкурсқа, аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

4) егер конкурсқа, аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе;

 5) егер баға ұсынысын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы берілсе;

6) егер баға ұсынысын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы берілмесе;

7) егер мемлекеттік сатып алудың веб-порталы баға ұсынысын автоматты түрде қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екеуден аз баға ұсынысы қалғанда.

Аталған тізбенің 1) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)  378-1, 378-2, 378-3 және 378-4-тармақтарының ережелері бойынша анықталады, яғни Қағидаларға  18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін, әлеуетті өнім берушіге жіберілетін  коммерциялық ұсыныс беруге сұраным жасау қажет.

Бұдан бөлек, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Р. С. Қарабаева 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль