Шарттың орындалуы үшін қосалқы мердігерлікті тарту

11

Вопрос

Қылмыстық-атқарушылық (пенитенциарлық) жүйе мекемесінің мемлекеттік кәсіпорны өнім беруші де, тапсырыс беруші де болып табылады. Мұндай кәсіпорын көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға қатысты өнім берушілермен шарт жасасуға, тапсырыс берушілер алдында шартты орындау үшін қосалқы мердігерлікті тартуға құқылы ма? Егер осы шарттарда сома көзделген болса, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды сатып алу, тапсырыс берушілер алдында шартты орындау үшін қосалқы мердігерлікті тарту қандай тәсілмен жүзеге асырылуға тиіс?

Ответ

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасына сәйкес шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен өнім беруші ретінде кәсіпорынмен жасалса, жұмыстар қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартпастан көрсетілуге (қызметтер орындалуға) тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу жағдайында жүзеге асырылады. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi (Заңның 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасы).

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысымен өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе).

Тапсырыс берушілер Тізбеде көзделген жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) бойынша мемлекеттік сатып алуды Тізбеге енгізілген қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарынан осы жұмыстарды (қызметтер көрсетуді) мемлекеттік кәсіпорынның өзі орындаған жағдайда жүзеге асыруға құқылы.

Сонымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындары тапсырыс беруші ретінде Заңның 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндіру үшін шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетілген кәсіпорынның осы шарттар негізінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында осындай шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Осылайша, осы шарттарда көзделген қаржы есебінен жасалған шарттарды орындау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары тапсырыс беруші ретінде жоғарыда көрсетілген тармақшаны қолдана отырып, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен тауарларды сатып алуға құқылы.

А. А. Боган

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль