Техникалық ерекшеліктегі талап заңнамаға сәйкес келмейді

3

Вопрос

Егер тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте заңға сәйкес келмейтін талапты көрсетсе (мәселен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен немесе шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу кезінде лицензия талап ету), қандай жауапкершілік көзделген?

Ответ

Мұндай жағдай ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің заңнаманы бұза отырып қабылдаған шешімін қабылдамау немесе заңнаманы бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тануға алып келеді.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен немесе шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу кезіндегі жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделмеген. Бірақ бұл мұндай қателіктің жағымсыз зардаптары болмайды деген сөз емес.

2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушілер мен конкурстық комиссиялардың (аукциондық комиссиялардың) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

Заңның 18-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган, міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

А. А. Боган

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль