ҚР ҚМ МКК арқылы салық берешегінің жоқ екені туралы анықтама беру

4

Вопрос

ҚРҮ № 1729 қаулысы бойынша сатып алу кезінде өнім беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы емес, «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы алынған салық берешегінің жоқ екені туралы анықтама ұсынса, не істеу керек?

Ответ

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.

Қағидалардың 62-тармағының 6) тармақшасында «конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» көрсетілген.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 598-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдары ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаттары үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сұрау салуды беруге құқылы.

Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары көрсетілген: төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы.

Аталған талаптың басты факторы әлеуетті өнім берушінің төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен алынған кез келген анықтаманы конкурстық (тендерлік) комиссия қабылдауға және ескеруге тиіс. «Салық төлеушінің кабинеті» және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған анықтамаларда аталған жүйе берген айрықша код болады. Осы айрықша код бойынша берешегінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама мәліметтерін көруге болады.

А. А. Хасанов

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль