Жылдық көрсетілетін қызметтің төлемі

9

Вопрос

Жылдық көрсетілетін қызметті бөлместен бірден төлеуге бола ма? Төлем есебі негізінде ТЖҚ-ны төлеу мүмкін бе?

Ответ

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы Үлгілік шарттың (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 21-қосымша) 5.3-тармағына сәйкес өнім беруші тапсырыс берушіге осы шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте қызметті толық жасаған жағдайда қызмет көрсетілді деп есептеледі.

Егер шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте қызмет көрсету мерзімі бөлу арқылы көрсетілсе, өнім берушіге шарттың жалпы сомасын бірден төлеуге құқығыңыз жоқ.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы Үлгілік шарттың 2.5-тармағына сәйкес (Қағидаларға 19-қосымша) төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;

2) жүкқұжат;

3) тауарларды қабылдап алу-беру актісі (актілері);

4) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады);

5) тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады).

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы Үлгілік шарттар бойынша: Қағидаларға 20-қосымшаның 3.5-тармағына немесе  Қағидаларға 21-қосымшаның 2.5-тармағына сәйкес, ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;

2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері);

3) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;

4) Мердігер/орындаушы тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасы  сипатталған, көрсетілген шот-фактура.

Осылайша, төлем есебі жеткізілген тауардың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің  төлемі үшін негіз бола алмайды. Шарт төлемі жоғарыда көрсетілген құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

А. Е. Камалиева

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль