Электрондық банк кепілдігін қайтару

9

Вопрос

Электрондық банк кепілдігі қашан және қандай түрде қайтарылады?

Ответ

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 25-бабының 6-тармағында көзделгендей, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:

– осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;

– конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

– мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады.

Электрондық банк кепілдігін қайтару (жою) үшін хабарламадағы сілтеме бойынша немесе «Жұмыс кабинеті» – «Электрондық банк кепілдіктері» менюі арқылы банк кепілдігін қарау нысанына өту керек (назар аударыңыз, іздеу нысанында бір мезгілде бірнеше рөл – тапсырыс беруші, өнім беруші, ұйымдастырушы – болған кезде өзіңіз әрі қарай әрекет жасайтын рөлді таңдаңыз).  

Электрондық банк кепілдігін қарау нысанына өту үшін пиктограмманы, содан соң «Қарау» түймешесін басыңыз. Көрінген нысанның астында «Қайтару» батырмасына қол жетеді.

 «Қайтару» батырмасын басқан кезде банк кепілдігі бойынша ақшаны қайтару (жою) себебін көрсету нысаны бейнеленеді және растаушы құжаттарды бекіту мүмкіндігі ұсынылады. Себебін көрсеткеннен кейін сіз банк кепілдігін қайтару (жою) үшін құжаттың электрондық нысанын (банкке сұраным) жасайсыз, ол үшін «Жою нысанын жасау» батырмасын басасыз.

Банк кепілдігін қайтару (жою) құжатын жасағаннан кейін  жасалған құжатқа қол қою керек.

Банк кепілдігін қайтару (жою) нысанына қол қойылғаннан кейін «Қайтару (банкте растау)» статусы беріледі. Банк қызметкерлеріне кепілдікті жою хабарламасы жіберіледі.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль