Әлеуетті өнім беруші құжаттарды мөрсіз ұсынды

6

Вопрос

Егер әлеуетті өнім беруші құжаттарды мөрсіз ұсынса, яғни актіде және жүкқұжатта тапсырыс берушінің мөрі болмаса, шартты жеңілдік тағайындамауға бола ма?

Ответ

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 26-тармағына сәйкес, активтерді алу кезінде субъектінің атынан әрекет ететін адамның құқығын ресімдеу үшін «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (бұдан әрі – 562 бұйрық) бекітілген сенімхат қолданылады. Сенімхат ақшаларды және активтерді сақтағаны үшін толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарты жасалған адамдарға беріледі. Сенімхатқа субъектінің басшысы, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен расталады. Дара кәсіпкерлер мөрі бар болған кезде растай алады.

Қағидалардың 32-тармағына сәйкес қорлардың өткізілуін есепке алу үшін жіберу 562 нысаны бекітілген қорларды шетке беруге арналған жүкқұжаты қолданылады. Қағидалардың 34-тармағына сәйкес активтерді беруді, сатуды ресімдеу үшін 562 нысандар бекітілген қабылдап алу-беру актісі қолданылады. Акті екі данада жасалады және әрбір жеке объектіге немесе объектінің компонентіне екі тарап та қол қояды.

Техникалық құжаттамасы қоса берілген ресімделген акті бухгалтерлік қызметке беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және субъектінің басшысы бекітеді.

Қорларды шетке беруге арналған жүкқұжатқа қатысты жоғарыда аталған нормативтік актілерді ескерсек, тапсырыс беруші мөрі таңбасының болуы міндетті емес – уәкілетті тұлғаның қол қоюы (әдетте ол қойма меңгерушісі) және оның мөрмен таңбаланған өкілеттігін растайтын сенімхаттың болуы жеткілікті.

Тауарды қабылдау-беру актісіне келсек: тапсырыс беруші заңды тұлға болса, оның мөр таңбасы міндетті болып табылады; егер тапсырыс беруші жеке кәсіпкер болса, мөрі бар болған кезде растай алады.

Конкурстық құжаттамаға ескертуі бар 7-қосымшаға сәйкес, егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді. Тауарларды қабылдау актілері мен шот-фактуралардың электрондық көшірмелері сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар болып табылады.

Біздің ойымызша, тиісті түрде рәсімделмеген қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат пен қол қою құқығы берілген жауапты тұлғаға қатысты сенімхат та тауар жеткізу фактісін растайды. Алайда егер ережелерді дәлме-дәл қарастырсақ, егер конкурстық құжаттамаға 7-қосымшада көзделген құжаттар ұсынылмаса немесе тиісті түрде рәсімделмесе, шартты жеңілдікті қолданбауға болады.

А. А. Боган

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль