Дайын жиһазды сатып алу

10

Вопрос

Тапсырыс беруші жалпы негіздеме бойынша аукцион тәсілімен дайын жиһазды сатып алады. Камералдық бақылаудың сатып алуды мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында жүзеге асыру керектігі жайлы жіберген хабарламасы заңды ма?

Ответ

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 2-бабының 8) тармақшасына сәйкес жұмыстарзаттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет. Жиһаз дайындау – шынында да жұмыс.

Аталған бапта сондай-ақ көрсетілетін қызметтер мен тауарларға анықтама берілген:

«12) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет»;

«28) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар».

ҚР Үкіметінің  31.12.2015 ж. № 1181 қаулысына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен мына жұмыстар сатып алынады: жиһаз жасау, көгалдандыру. Осы қаулыда сатып алынатын тауарлар тізімі бар, олардың арасында дайын жиһаз жоқ.

Жиһаз тауар ретінде бір ерекшелік бойынша, ал жиһаз жасау басқа ерекшелік бойынша сатып алынады. Яғни қаржыландыру жоспарында және жылдық жоспарда  қаржыландыру көзі шекті түрде анық көрсетілген. Алайда егер тіпті ерекшеліктер көрсетілмесе де, тапсырыс беруші жиһазды тауар түрінде сатып ала ма немесе осы жиһазды жасау жөніндегі жұмысты сатып ала ма – оны өз бетінше анықтайды.

Жұмыстарды сатып алу кезінде тапсырыс беруші алдымен дайындау материалдарын сатып алуға тиіс, бұл материалдарды бухгалтерияның кірісіне қойып, содан соң материалдарды шетке бере отырып, осы материалдардан жиһаз дайындау бойынша жұмыстарды сатып алуы керек. Бұл күрделі сызба, сондықтан тапсырыс берушілер  жиһазды тауар түрінде сатып алуға тырысады. Бірақ егер де қаржыландыру жоспары бойынша  дәл жиһаз жасауға ақша көзделсе, онда сатып алуды мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында өткізу қажет.

Жоғарыда баяндалған жағдайларды жинақтай келе, жиһазды тауар ретінде жалпы негіздемеде сатып алуға болады деуге болады.

Камералдық бақылау нәтижелерімен сотта дауласуды ұсынамыз.

М. Бурковская

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль