Қаржы ұйымдастырушының басқа шотына түсті

6

Вопрос

Қаржы ұйымдастырушының басқа шотына түсті. Ескерту жасалғаннан кейін өнім беруші қатені түзетті. Осы өнім берушінің өтінімін қайта беру құқығынсыз қабылдамау талабы айтылған ІМАД-ның хабарламасы заңды ма?

Ответ

Ішкі аудит департаментінің іс-әрекеті мына төмендегі негіздемелер бойынша негізді және заңды сипатқа ие.

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 116-тармағында былай делінген: «Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде беріледі. Бұл ретте, кепілдендірілген ақшалай жарна конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа конкурсқа қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзіміне дейін енгізіледі».

Сондай-ақ Қағидалардың 150-т. 2) т. сәйкес әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу жолымен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса, ол конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылды) жіберілмейді.

Демек, әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз етуді енгізбесе, конкурсқа қатысуға жіберілмейді және аталған сатып алу бойынша ұйымдастырушы конкурстық өтінімді қайтадан беру мүмкіндігін ұсынбаса, жоғарыда көрсетілген негіздемелер бойынша  қабылданбауға тиіс.

А. Романов

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль