МҚБ арасындағы сатып алу. Қатысуға шақырудың кеш келуі

5

Вопрос

Біздің коммерциялық ұсынысымызды күтпей-ақ (МБҰ арасында бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру кеш келді) шарт жасасқан тапсырыс берушінің әрекеті заңды ма? «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасы бойынша ҚР ДСӘДМ 29.12.2015 ж. № 1065 бұйрығымен бекітілген тізілімге енбейтін мүгедектер бірлестігі арасындағы сатып алуға қатыса ала ма?

Ответ

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасы, сондай-ақ 51-бабы негізінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2015 ж. № 1065 бұйрығына және  ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1181 қаулысына сәйкес бекітілген тізілімге енген ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен тапсырыс беруші сатып алуды жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 378-1-тармағына сәйкес тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібереді. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін коммерциялық ұсыныстар беруге сұрау салу осы Қағидаларға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. 18-1-қосымшадан үзінді: «…әлеуетті өнім берушіні айқындау мақсатында жеткізілетін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің, орындалатын жұмыстардың) сипаттамасын жаза отырып, сіздің коммерциялық ұсынысыңызды 20__жылғы "__"__________ дейінгі мерзімде (үш жұмыс күннен кешіктірілмеуі тиіс) жіберуді сұраймыз». 

Аталған жағдайда тапсырыс берушінің міндеті Заң мен Қағидаларда жазылған барлық әрекеттерді орындау болып табылады. Өкінішке қарай, Заң мен Қағидаларда сұрау салуды жіберу нысаны, оны жіберу тәсілі және әлеуетті өнім берушінің жауап беру мерзімі туралы мәселе реттелмеген.

Сатып алу тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылуға тиіс. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында қайтадан мемлекеттік сатып алу өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.  

А. Хасанов

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль