Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары тізілімінен тауар сатып алу

7

Вопрос

2017 жылы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары тізілімінен тауарды қалай сатып алуға болады?

Ответ

2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 5-тармағына сәйкес жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар болған жағдайда, тапсырыс беруші ең алдымен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға міндетті.

Көлік шығындары, оның ішінде тауарды тиеу-түсірумен байланысты шығындар, тапсырыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Заңның 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (даму жоспарының) негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді, онда өз кезегінде мына мәліметтер қамтылуға тиіс: мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды; қосылған құн салығын есепке алмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері; тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны; осы Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде графикке және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері; осы Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары.

Техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілген функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде, егер заңнамаға қайшы болмаса, жарамдылық мерзімі де қамтылуға тиіс. Техникалық ерекшелік техникалық реттеу саласындағы ҚР Заңымен белгіленген талаптарға қайшы келмеуі керек.

Егер тауар жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тұрған болса және тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келсе, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алу мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

А. А. Хасанов

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль