«Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу жүйесіндегі жаңалық

11 июля 2017 3
3 шілдеден бастап күшіне енген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Сатып алу Қағидалары мен Электрондық сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулығына енгізілген өзгерістер өнім берушілерге ыңғайлы болу үшін әзірленді.

«Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу жүйесіндегі жаңалық

Жаңа механизмдерден бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу жүйесіне бірнеше жаңа өзгерістер енгізілді. Жаңалық өнім берушілердің, яғни  алдын ала біліктілік іріктеуінен (АБІ) өткен немесе өтуге ниеттеніп отырғандар жұмысының қолайлы болуына бағытталды.

Тиісті статусты иеленген өнім берушілер енді тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынудан босатылды. Олар сатып алуға қатысу кезінде 30%-дық алдын ала төлемге сүйене алады. Сондай-ақ мұндай өнім берушілер өтінім құрамына бұрын АБІ-ден өту сатысында ұсынған құжаттарды жүктемесе де болады.

Бұдан басқа, сатып алу порталында сауда үзілісі бойынша функция іске асырылды. Еңбек тәртібін сақтау үшін, 19:00-ге дейін аяқталмаған сатып алулар келесі жұмыс күнгі 10:00-ге  автоматты түрде ауыстырылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях