Демпингтік бағаның шектік мәнін белгілеу

5 июля 2017 6
2017 жылғы 29 маусымда ҚР «Атамекен» ҰКП алаңында демпингтік бағаның шектік мәнін белгілеу мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Демпингтік бағаның шектік мәнін белгілеу

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Демпингтік бағаның төменгі шектік мәнін белгілеу және құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алудың проблемалық мәселелері» тақырыбында мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне апталық мерзімде ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетке және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР Премьер-министрі Канцеляриясының ескертпелері мен ұсыныстарын есепке ала отырып жасалып біткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Заң жобасы) ҚР Заң жобасын жіберу тапсырылды.

Өз кезегінде ҰКП Заң жобасын алғаннан кейін үш күндік мерзім ішінде оны құрылыс саласындағы салалық ассоциациялардың қарауына жібереді.

Сондай-ақ жобалау (ЖСҚ әзірлеу), құрылыс (ҚМЖ), инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша жұмыс топтары құрылады. Аталған жұмыс топтарына енгізілуге үміткерлерді 10 шілдеге дейін құрылыс саласындағы салалық ассоциациялар жібереді.

Жұмыс топтары жұмысының нәтижелері бойынша ҰКП  ҚР ҚМ-мен, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетпен бірлесіп, мемлекеттік сатып алудағы демпингтік бағаның төменгі шектік мәнін айқындайды. Тиісті түзетулер Заң жобасына енгізілетін болады.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях