Салықтық тексерудің алдын ала актісі туралы

29 июня 2017 3
1 шілдеден бастап Салық кодексіне маңызды толықтыру – салықтық тексерудің алдын ала актісі енгізіледі. Бұл туралы Қарағанды облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті хабарлады.

Салықтық тексерудің алдын ала актісі туралы

Жыл сайын салық салу рәсімдерін жеңілдету үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) ҚР Кодексіне түрлі түзетулер енгізіледі.

Осылайша, Салық кодексінің 89-тарауы салықтық тексерудің алдын ала актісін енгізуді көздейтін 636-1-баппен толықтырылды. Салықтық тексерудің алдын ала актісі 1 шілдеден бастап енгізіледі.

Аталған нормаға сәйкес салық органының лауазымды тұлғасы салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін береді және салықтық тексеру актісінің алдын ала нәтижелеріне жазбаша қарсылық беру құқығы ұсынылады.

Аталған баптың ережелері қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салықтық тексерудің алдын ала актісін салық төлеушіге беру тәртібі мен мерзімдерін, оған жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осы қарсылықты қарауды уәкілетті орган бекітеді.

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықты жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау рәсіміне өзгерістер енгізілді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях