ҚР Қаржы министрінің баяндамасындағы мемлекеттік сатып алу туралы

28 июня 2017 4
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 27 маусымда халық алдындағы есеп беру кездесуінде жасаған баяндамасынан.

ҚР Қаржы министрінің баяндамасындағы мемлекеттік сатып алу туралы

Бюджеттің жақсы атқарылуы үшін бірқатар заңнамалық, ұйымдастырушылық және рәсімдік шараларға бастамашылық етілді. Бұл бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі мәселелерді шешуге кешенді түрде келуге мүмкіндік берді.

Сатып алу веб-порталының жаңа платформасы іске қосылды. Жоспарлаудан бастап төлемге дейінгі барлық мемлекеттік сатып алулар мен олардың рәсімдері электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл бизнес мүдделерінің ашықтығы мен қорғанысын арттырды.

Нәтижесінде бір конкурсқа қатысушылардың орташа саны 4 есеге ұлғайды (1-2 қатысушыдан 4 қатысушыға дейін). Шартты үнемдеу 3 есеге дерлік (43 млрд теңгеден 127 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.

Алдын алу тәжірибесі енгізілді. Сатып алудың электрондық форматы бұзушылықты дер кезінде анықтау мен жою мақсатында сатып алуды жүргізудің әрбір кезеңінде қашықтықтан бақылауға мүмкіндік берді. Яғни біз көзбе-көз тексеруді бірден азайттық, бірақ объектілерге камералдық бақылау жасауды неғұрлым кең қамтыдық. Қамту шамамен 100%-ды құрады.

Камералдық бақылаудың арқасында конкурс қорытындыларын қайта қарау мен күшін жою арқылы жалпы сомасы 455 млрд теңгенің бұзушылықтары жойылды.

Біз 40 мыңға жуық конкурс бойынша бұзушылықтардың алдын алдық, яғни құжаттама жауапкершілік мерзімі туындағанға дейінгі сәйкестікке келтірілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз сатып алуды орталықтандыру және автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. Биыл біз мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік секторлар, табиғи монополистер мен жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асыратын барлық сатып алуды бірыңғай порталға біріктіруді көздейтін заң жобасын әзірлейміз.

Бұл міндетті шешу сатып алу процестерінің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бизнеске ненің қайда және қандай көлемде сатып алынатынын білуге мүмкіндік береді. Бизнес қандай өндірістерді дамыту керек екендігі және қандай тауарларға сұраныс бар екендігі туралы ақпарат алады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях