Бірыңғай кедендік тарифке өзгерістер енгізілді

27 июня 2017 4
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Бірыңғай кедендік тарифке өзгерістер енгізді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) хабарлады.

Бірыңғай кедендік тарифке өзгерістер енгізілді

23 маусымда ЕЭК кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің вице-премьер-министрлері ЕАЭО елдері экономикасын біріктіру процестері мен ынталандыруды әрі қарай дамыту үшін маңызды мәселелерді талқылады.

Бұдан бөлек, Кеңесте Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемесін түзету туралы шешім қабылданды.

Кедендік әкелім бажы мөлшерлемесін түзету туралы шешім ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 472 позициясына қатысты қабылданды (ДСҰ-ға кіру кезінде Ресейдің өзіне алған міндеткерлігі есепке алынды). Бұрын (мамырда) кедендік әкелім бажы мөлшерлемесі 491 позицияға қатысты түзетілген болатын.

Осылайша, тынымұхиттық қызыл балыққа (4,4 %-дан 3 %-ға дейін), нәлімге (6%-дан 5 %-ға дейін), сіріңкеге (11 %-дан 8,8 %-ға дейін), қолғап, биялай, митенкиді қоса алғанда, киім және оның керек-жарақтарына (9,2 %-дан 6,5 %-ға дейін), раушанға (7 %-дан 5 %-ға дейін) және т. б. баж салығы азайтылды. Сондай-ақ алмаға, айваға, алмұртқа, ашытқыға, матаның алуан түрлеріне, терезелерге, есіктерге, шағын толқынды пештерге және т. б. баж салығы төмендетіледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях