Қазақстан ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздерді аяқтады

8 июля 2015 160
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру бойынша келіссөздерді аяқтады, ол жөнінде Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрінің хатшылығы мәлімдеді.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмыс тобының мүше-елдері ақтық отырыста ұйымға кіру жөніндегі түпкілікті құжаттар пакетін бекітті. Барлық қажетті рәсімдер орындалғаннан кейін, ағымдағы жылдың желтоқсан айында, Қазақстан бүкіл әлемдік сауданың 98% -ын реттейтін халықаралық ұйымның толыққанды мүшесіболады.

Осылайша, валюталық реттеу саласындағы заңнаманы; баға құрудыжәне бәсекелестікті дамытуды; салық саясатын; кедендік реттеулерді; импортты лицензиялауды; сондай-ақ техникалық реттеуді, санитариялық және ветеринарлық іс-шараларын, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қоса алғанда, өнімдердіңқауіпсіздігі шараларын қабылдаусияқты Қазақстан Республикасының 50-ден астам ұлттық заңдарына қажетті өзгерістер мен толықтырулар, енгізілді.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі Қазақстанның әлемдік қауымдыстық алдында қолайлы да ашық инвестициялық және іскерлік климаты барсенімді сауда серіктес ретінде танылуына тікелей әсер ететін болады, деп санайды Хатшылықтағылар. 

Дүниежүзілік сауда ұйымы – бұл ең алдыментауарлар мен қызметтер саудасын реттейтін ережелер жиынтығы болып табылады.

Осы Ережелерді өзініңэкономикалық және сауда саясатын жүзеге асыру кезіндеәлемнің дамыған және экономикасы дамып келе жатқан БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттердің 161 елі қолданады. Тағы да 22 мемлекет ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер жүргізудіңтүрлі сатыларында тұр.

Халықаралық сауда-саттық жүйесіне тең қатысушысы ретінде бірігу, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы нышанды кезең және 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жолындағы үлкен қадам болып табылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях