Мемлекеттік сатып алуды орталықтандырудың бірқатар қорытындылары

26 июня 2017 4
Орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесінің арқасында өнім берушілер арасында адал бәсекелестік қамтамасыз етілді. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың оңтайлылығы мен тиімділігі туралы айтуға болады.

Мемлекеттік сатып алуды орталықтандырудың бірқатар қорытындылары

Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алудың айтарлықтай бөлігі орталықтандырыла жүргізіледі. Осылайша, жергілікті дәрежеде – сатып алуларды уәкілетті ұйымдар тиісті деңгейде, ал республикалық дәрежеде ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

Егер ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің жалпы сатып алу көлемі бойынша қарайтын болсақ, тауарларды сатып алу көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу үлесін айтарлықтай басып озады.

2015 жылы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитет – 222 сатып алу, ал 2016 жылы – 1211 сатып алу өткізді және жариялады. Егер 2015 жылы 134 конкурс пен 88 аукцион өткізілсе, 2016 жылы 1019 конкурс пен 192 аукцион өткізілді. Осылайша, көптеген тапсырыс берушілер аталған тәсілдермен (конкурс немесе аукцион) сатып алуға көшті.

Бұдан бөлек, Комитет қаржыны айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізді. Мәселен, 2016 жылы сатып алынатын тауарлар саны 946 бірлікке ұлғайды, бұл реттегі үнем 1545.9 млрд теңгені құрады. Көрсетілетін қызметке келер болсақ, олардың саны 43 бірлікке артты, ал үнем 202 млн теңгені құрады.

Автомобиль өндірісі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу тетігін енгізу отандық өндірушілер әлеуетін ұлғайтып, олардың өндірісін жаңғыртты. Бұл ретте отандық өнім берушілерден автомобиль сатып алудың айтарлықтай ұлғайғанын айтуға болады: 2016 жылы автомобильдердің 3293 бірлігі қазақстандық өндірістен сатып алынса, 2015 жылы ол 681 бірлік қана болған.

Орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізудің нәтижелерімен «Мемлекеттік сатып алуды орталықтандырудың қорытындылары» деген мақалада толығырақ таныса аласыздар.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях