Индустрияландыру картасына қатысушылардың проблемалары

26 июня 2017 2
Кәсіпорындар – Индустрияландыру картасына қатысушылар отандық өндірушілердің тауарларына сұранымның аз екендігіне және айналым қаражатының жеткіліксіздігіне шағымданды. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Индустрияландыру картасына қатысушылардың проблемалары

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама мен ҚР 2015–2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  жүзеге асырылатын кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында жергілікті тауарларға сұраныстың аздығымен және қаржыландырудың жоқтығымен байланысты бірқатар проблемалар анықталды.

Сондай-ақ Индустрияландыру картасына қатысушылар мемлекеттік сатып алу, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, инженерлік инфрақұрылымның жетіспеушілігі жөніндегі проблемаларды атады.  

Одан бөлек, бірқатар жағдайларда коммуналдық қызметтердің жоғары тарифтері өнімнің өзіндік құнының жоғары болуына әсер етеді. Бұл кәсіпорынға ТМД елдері нарығында шетелдік компаниялармен бәсекелес болуға мүмкіндік бермейді.

Маңызды мәселенің бірі – білікті мамандардың жетіспеушілігі.

Осыған қарамастан, мониторинг мәліметтері бойынша, компаниялардың көп бөлігінің қызметі оң нәтижелер көрсетті.   

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях