Бизнес беретін есептілік қысқартылады

26 июня 2017 3
Реформалаудың нәтижесінде кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуға алып келетін бизнес беретін есептіліктің қосарлануы алып тасталуға тиіс. Сондай-ақ есептілікті қолдануды реттеу де нәтижеге айналмақ.

Бизнес беретін есептілік қысқартылады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Министрлік заңнамаға кең ауқымды тексеру жүргізеді. Мемлекеттік органдарға бизнес ұсынатын жөнсіз және қосарланған есептілікті анықтау мен қысқарту бойынша жұмыс жүргізілмек.

ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыпов Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық топтың отырысында: «Бүгінде бизнес беретін есептіліктің 1200-ден аса түрі анықталды. Сонымен қатар сонау 2000 жылдардың басында енгізілген, ал мемлекеттік органдардың өзіне олардың қажет екендігі түсініксіз бірқатар есептіліктердің бар екендігі анықталды. Нәтижесінде бұлардың бәрі бизнеске ауыртпалық болып табылады», – деді.

Министрлік мемлекеттік органдарға берілетін есептіліктің бірыңғай және мейлінше толық тізбесін құруды жоспарлап отыр. Ешбір мемлекеттік органның кәсіпкерден осы тізбеде қарастырылмаған қандай да бір ақпаратты немесе есептілікті сұратуға құқығы болмайды.

Әрі қарай бекітілген тізбеге есептіліктің жаңа түрін кіргізу мәселесі міндетті түрде тек оның негізділігі мен мақсаттылығын айқындауға реттеушілік әсер ететін талдау рәсімдеулерінен өту арқылы ғана қарастырылатын болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях