Алматы әкімі өнім берушілерге қойылатын талаптарды күшейтуді өтінді

23 июня 2017 3
Байбек Сағынтаевтан өнім берушілерге – мемлекеттік сатып алу қатысушыларына қойылатын талаптарды күшейтуді өтінді. Министрлер кабинетінің басшысы дереу үн қатты және Қаржы министріне мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемаларды реттеуді тапсырды.

Алматы әкімі өнім берушілерге қойылатын талаптарды күшейтуді өтінді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа мемлекеттік сатып алуға қатысатын өнім берушілерге қойылатын талаптарды күшейту туралы өтінішпен жүгінді. Бұл туралы Kazpravda.kz.тілшісі хабарлайды.

Алматы әкімінің айтуынша, ағымдағы жылғы конкурстардың жалпы сомасы 199 млрд теңгені құрайды.

«Мәселен, бірқатар әкімшілер айына 50-ден астам конкурс өткізеді. Жалпы алғанда, құрылыс жүргізу бойынша – 324, көлік бойынша – 255, энергетика бойынша – 237 конкурс жоспарланған. Сатып алу санының көптігі мен бірқатар проблемаларды ескере келе, бізде ұсыныс пайда болды, оны Қаржы министрлігіне жібердік. Өнім берушілерге қойылатын талаптарды күшейту қажет деп санаймыз: жұмыс тәжірибесі бойынша – кемінде бес жыл, жеке материалдық базасының болуы бойынша – ресурстардың кемінде 30 пайызы», – деді Байбек.

Сондай-ақ оңтүстік астананың қала басшысы өткен жылы әлеуметтік объектілерді сейсмокүшейту бойынша құрылыс жұмыстарын сатып алу кезінде 12 қатысушымен конкурс жүргізілгенін атап өтті. «Олардың 6-ның ғана жұмыс тәжірибесі бар, қалғандарының тәжірибесі жоқ. 50-ден 70 пайызға дейін арнайы техника жалға алынған. Тәжірибе көрсеткендей, тәжірибесі жоқ компаниялар өте күшті демпинг қояды, нарыққа «кіреді», олар үшін бастысы – жеңу, ал жұмыстың сапасын ұмытып кетеді. 10 әлеуетті өнім берушінің тек екеуінің ғана қажетті еңбек ресурстары бар. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады», – деп түсіндірді Бауыржан Байбек.

Бұдан бөлек, әкім проблемалық мәселелер тізбегін одан әрі жалғастырды, қазіргі кезде құрылысқа қатысты қалалық конкурстарға орта есеппен 10–20 компания қатысады, оның көпшілігі – өңірлік. Көбінесе олар қорытындылар хаттамасына шағымданады. Алайда бұл ретте қатысушылардың бір бөлігі құжаттарды боямалайды, шағымданушылардың екінші бөлігі  мүлде әлеуетті қатысушыларға жатпайды, сонда да болса олардың шағымдарын қала әкімшілігі қарастырады, бұл 146 күнге дейін созылатын конкурстық рәсімдерге алып келеді.  

Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев Қаржы министріне бәрін реттеп, тәртіпке келтіруді тапсырды.  

«Бақыт Тұрлыханұлы (Сұлтанов), сіз де өз жұмысыңызды реттеп, ондағы, өңірлердегі істі тәртіпке келтіріңіз. Белгіленген мерзімде – маусымның соңына дейін заң жобасын Мәжіліске енгізуге тиіспіз. Жұмысты жалғастыра береміз. Егер қандай да бір жаңа өзгерістер пайда болса, депутаттық корпустан бізге қолдау көрсетуін өтінеміз», – деп түйіндеді сөзін Министрлер кабинетінің басшысы.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях