Сатып алу саласында қабылданатын шаралар туралы

22 июня 2017 9
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың «Сатып алу саласында қабылданатын шаралар туралы» ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінің материалдары бойынша.

Сатып алу саласында қабылданатын шаралар туралы

Мемлекеттік сатып алу жүйесін автоматтандыру электрондық камералдық бақылау құруға алып келді (объектіге бармай-ақ, веб-портал арқылы онлайн-режимде). Бұл бір конкурсқа қатысушылардың орташа санын (1-2-ден 4-ке дейін) 4 есеге дерлік ұлғайтуға және үнемдеуді (43 млрд. теңгеден 130 млрд. теңгеге дейін ) 3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Алайда бірқатар проблемалық мәселелер шешілмей қалып отыр.

Бірінші кезекте бұл сыбайлас жемқорлық тәуекеліне әкеп соқтыратын бір көзден қомақты сатып алу үлесіне қатысты.

2016 жылы мұндай сатып алудың үлесі 69 %-ды (1,6 трлн.) құрады, оның

39 %-ы (881 млрд) Заңда көзделген негіздемелер (МС туралы Заңның 39-б.) бойынша сатып алуға келеді. Бұрын мұндай сатып алу Заң нормалары қолданылмай жүргізілетін. Қазір осы тәсілдің барлық рәсімдері (шақырулар жіберу, шарттарды жасасу және орындау) порталда ресімделеді, бұл олар бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Қалған 30 %-ы (744 млрд) – өткізілмеген конкурс нәтижелері бойынша таңдалған бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алулар. Бір көзден сатып алудың дәл осы түрі сыбайлас жемқорлықтың үлкен тәуекелдерін қамтиды.

Өткізілмеген конкурстардың 80 %-ға жуығы құрылыспен байланысты жұмыстарға келеді. Өтінімдерді жаппай қабылдамау себептері негізінен ЖСҚ-ға байланысты. Конкурстық құжаттамалар жөнсіз көптеген растаушы құжаттарды ұсынуды талап етеді және ескі техниканы қамтиды. Формалды себептер бойынша қабылдамауға жол бермеу үшін сатып алуға қатысушыларға қойылатын талаптар оңайлатылады (оң тәжірибеге, салық жүктемесінің коэффициентіне сүйену).

Тағы да бір проблема – сатып алуға қатысушылардың біліктілік деңгейінің төмендігі – сапасыз ТЖҚ сатып алуға әкеп соқтырады. Шешім – алдын ала біліктілік бойынша іріктеуді (АБІ) кең пайдалану. Қазір мұндай тәсіл тек І санатты күрделіліктегі құрылыс бойынша көзделген. Осыған байланысты бұл тәсіл арқылы сатып алынатын ТЖҚ тізілімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

АБІ «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуында да қалыптастырылатынын ескере отырып, кәсіпкерлерге қолайлы болу үшін іріктеу нәтижелерін өзара тану мәселесі пысықталып жатыр.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях