Жаңа заң жобасының негізгі қағидалары

21 июня 2017 4
Қаржы министрі Б. Сұлтанов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру жөніндегі заң жобасының басты қағидалары туралы айтты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа заң жобасының негізгі қағидалары

Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру бойынша әзірленіп жатқан заң жобасының басты қағидалары квазимемлекеттік сектордың субъектілері үшін бірыңғай ережелер жасау және сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Бірыңғай тәсіл кәсіпкерлер үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың сатып алуға қатысу талаптарын жеңілдетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу жүйесінде қолданылатын барлық ақпараттық жүйелерді біріктіру жоспарланып отыр.

ҚР Қаржы министрі: «Бүгінде, өкінішке қарай, біздің заңнамада квазимемлекеттік сектордағы сатып алу бойынша ешқандай жауапкершілік жоқ. Сондықтан ҚР Әкімшілік кодексіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзетулерде квазимемлекеттік сектордың сатып алу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделеді», – деп атап өтті.

Заң жобасында сондай-ақ квазимемлекеттік секторды ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бақылауына алу қарастырылған. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, аталған шара квазимемлекеттік секторда корпоративтік басқару жүйесін үйлестіру және сатып алулардың бірыңғай ережелерін жасау үшін қажет.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях