Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру бойынша заң жобасы қаралды

21 июня 2017 4
ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Үкімет отырысы болып өтті.

Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру бойынша заң жобасы қаралды

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов отырыс барысында бір жарым жыл бұрын іске қосылған мемлекеттік сатып алу веб-порталының платформасы сатып алу жүйесін толығымен автоматтандырып, қатысушыларға веб-портал арқылы онлайн-режимде электрондық камералдық бақылауға өтуге мүмкіндік бергенін айтты. Қабылданған шаралардың арқасында бір конкурстағы қатысушылардың орташа саны 4 есеге ұлғайды.

Жүйені одан әрі жетілдіру мақсатында (формалды себептер бойынша ауытқуларға жол бермеу үшін) сатып алуға қатысушыларға қойылатын талаптар жеңілдетіледі.

Оң тәжірибе (бедел) мен салық жүктемесінің коэффициентіне баса назар аударылады. Алдын ала біліктілік бойынша іріктеу кеңінен қолданылатын болады.

Бұдан бөлек, отандық өндірушілерді қолдау шаралары әзірленді, оның ішінде Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алынатын ТЖҚ тізілімі кеңейтілді. Ұсақ сатып алуларды бір үлкен лотқа біріктіру жоспарланып отыр.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық реттеу жөніндегі заң жобасы әзірленіп жатыр. Қаржы министрлігін квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілері үшін бірыңғай сатып алу ережесін бекіту бойынша уәкілетті орган ретінде анықтау жоспарланған, олардың ішінде «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» ұлттық холдингтері бар. Ұлттық компаниялардың сатып алулары үшін жеке, неғұрлым икемді ережелер әзірленетін болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях