Заңсыз тексерулерден қорғайтын «Қамқор» жобасы туралы

20 июня 2017 14
«Қамқор: Бизнес тірегі – Опора бизнеса» жобасын дамыту аясында кәсіпкерлер үшін мемлекеттік органдардың тексерісінің заңдылығын тексеру бойынша ақпараттық сервис (мобильді қосымша форматында http://qamqor.gov.kz сайтында) әзірленді.

Заңсыз тексерулерден қорғайтын «Қамқор» жобасы туралы

«Qamqor» мобильді қосымшасын ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әзірледі (Android үшін, сондай-ақ iOS үшін қолжетімді).

Егер сізге тексеру (СЭС, өрт сөндіру қызметі, салық және т. б.) келген болса, бұл тексерістің қаншалықты заңды екенін біле аласыз:

1) қосымшаны өз смартфоныңызға орнатыңыз;

2) тексеру тағайындау туралы актінің нөмірін енгізіңіз (авторизация міндетті емес);

3) тексеріс нысаны мен мерзімі, т. б. туралы толық ақпарат аласыз;

4) бұзушылық болған жағдайда қосымша арқылы шағым жолдаңыз;

5) мобильді топ келіп түскен шағымдармен айналысады;

6) егер тексеріс негізсіз болса, тексеру күшін жояды және тексерушілер жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ қосымша сіздің компанияңыздың адресіне жоспарланған тексеріс туралы алдын ала ескертеді. Ол үшін ЖШС немесе ЖК ретінде тіркелу қажет және қосымша баптамасындағы push-хабарламаға жазыласыз. Сіздің ЖШС-ға (немесе ЖК-ға) жаңа тексеру тағайындалған жағдайда сізге push-хабарлама келіп түседі.

Кәсіпкерлік кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайда тексеру жарамсыз деп

танылады, оның ішінде:

– тексеру жүргiзу негiздерінiң болмауы;

– тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;

– тексеру жүргiзу туралы хабарлама мерзiмдерiнiң сақталмауы;

– ерекше тәртібі бойынша тексеру және ішінара тексеру жүргізу

мерзімділігін бұзу;

– тексерiлетiн субъектiге тексеруді тағайындау туралы актiнi ұсынбау;

–құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексеру тағайындау;

– тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық

статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркеместен, тексеру жүргiзу;

– тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях