ЕАЭО техникалық регламенттерінің стандарттар тізбесі мақұлданды

19 июня 2017 4
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі консультативтік комитеті қабылдаған шешімдер ЕАЭО елдері арасындағы жеткізуді жеңілдетуге, сондай-ақ ішкі саудадағы шектеулер мен өндіріп алуларды жою жолындағы кезекті қадамға айналуға тиіс.

ЕАЭО техникалық регламенттерінің стандарттар тізбесі мақұлданды

«Электротехника және радиоэлектроника өнімдерінде қауіпті заттарды қолдануға шектеу қою туралы» және «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне (ЕАЭО ТР) қатысты стандарттардың тізбесі мақұлданды.

Бұдан бөлек, ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі консультативтік комитеті бірыңғай нысан бойынша құжаттарды бере отырып, тауарлардың ЕАЭО ТР талаптарына сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын өнімнің бірыңғай тізіліміне құрылыс цементін енгізуді мақұлдады. Бұл ЕАЭО елдері арасындағы жеткізуді жеңілдетеді және ішкі саудадағы шектеулер мен өндіріп алуларды жою жолындағы кезекті қадамға айналады.

Импорттаушылар мен өндірушілер барлық ЕАЭО мемлекеттеріне жарамды бірыңғай растаушы құжаттарды алатын болады. Цементтің сәйкестігін бағалау рәсімі ретінде оның міндетті сертификаттауы көзделеді.

Сондай-ақ «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке енгізілген өзгерістер мақұлданды.

Анықтама үшін

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі консультативтік комитеті ЕАЭО-ғы интеграциялық қызметтің неғұрлым маңызды мәселелерін сарапшылық анықтаудың және келісудің қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Содан соң олар Алқаның немесе ЕЭК Кеңесінің қарауына енгізіледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях