Индустриалды сертификаттаудың пилоттық жобасы

15 июня 2017 10
Индустриалды сертификаттау рәсімдерін апробациялауға арналған пилоттық жоба өнеркәсіптің үш саласында: машина жасау, жеңіл және жиһаз салаларында іске қосылады. Жобаға тілек білдіргендердің барлығы да қатыса алады.

Индустриалды сертификаттаудың пилоттық жобасы

ҚР «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, индустриалды сертификат ерікті құжат болып табылады және өнімді қайта өңдеудің тереңдігімен, технологиялылығымен және инновациялығымен анықталатын кәсіпорынның технологиялық жарақтандырылуына байланысты үш деңгейде сараланады.

Бүгінде Қазақстанда өндірістің даму деңгейін анықтайтын әділ құрал мен кәсіпорынның тауарды өндіру, жұмыстар мен қызметтерді көрсетуде техникалық, технологиялық және ресурстық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат жоқ.

ҰКП Басқармасының мүшесі Дана Жүнісованың айтуынша, индустриалды сертификат шығарылатын өнім номенклатурасымен бірге кәсіпорынның технологиялық даму деңгейі бойынша отандық градациямен тауар өндірушілердің сенімді Тізілімін құруға мүмкіндік береді. Аталған құрал Қазақстан кәсіпорындарының нақты әлеуеті мен өндірістік қуаттылығын анықтауға көмектеседі.

Пилоттық жоба шамамен 2 айға есептелген. Болашақта индустриалды сертификатты сараптау мен ресімдеу жөніндегі барлық операцияларды электрондық ақпараттық жүйеде өткізу жоспарланып отыр.

ҰКП-ның бастамасын Үкімет қолдады, қазіргі кезде индустриалды сертификатты заңнамалық тұрғыда бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях