Сатып алуды бақылау және бұзушылық үшін жауапқа тарту

13 июня 2017 7
«Квазимемлекеттік сектордың сатып алуын заңнамалық реттеу» атты дөңгелек үстелдің отырысында ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметовтің сөйлеген сөзінен.

Сатып алуды бақылау және бұзушылық үшін жауапқа тарту

Қаржы министрлігі квазимемлекеттік сектор сатып алуын реттеу жөніндегі заң жобасын әзірледі, ол 4 негізгі мәселені көздейді:

1) Қаржы министрлігін барлық квазисектор субъектілері үшін сатып алудың бірыңғай ережелерін бекіту бойынша уәкілетті орган деп айқындау;

2) Қаржы министрлігі Мемлекеттік ішкі аудит комитетін квазисектор субъектілерін сатып алуды бақылау жөніндегі уәкілетті орган деп айқындау;

3) квазисектордың сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілері шеңберін оларға квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін жатқызу жолымен ұлғайту.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын бақылауды қос сатылы бақылау жүйесін белгілеу жолымен жүзеге асыру ұсынылады.

Бірінші деңгейде бақылауды ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады. Ішкі бақылау қызметі анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда ұлттық компаниялардың лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Екінші деңгейде бақылауды ҚР ҚМ Мемлекеттік ішкі аудит комитеті ішкі бақылау қызметінің шешімдерімен келіспейтін сатып алуға қатысушылардың өтініштері негізінде жүзеге асырады. Өтініш берушілердің дәлелдері расталса және бұзушылықтар анықталса, ұлттық компаниялардың лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях