Бизнесті тексеру саны азаяды

5 июня 2017 6
Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына толық көлемде тексеру жүргізудің барысы жөніндегі селекторлық мәжіліс өткізілді.

Бизнесті тексеру саны азаяды

ҚР«Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыпов жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы хабардар етті:

– өрт сөндіру және өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқат саласындағы тексерулер алдын ала бақылауға көшірілді;

– жоспардан тыс тексерулерді белгілеу негіздемесі қайта қаралды;

– бірін бірі қайталайтын тексерулердің 23 нормасы алып тасталды;

– бақылау және қадағалау функциялары тәуекелдерімен байланысты емес 139 қосарлаушы норма қысқарды;

– 5 сала тексеру жүргізудің жалпы тәртібіне көшірілді;

– уәкілетті органдардың 18 бап бойынша әкімшілік іс қозғауға құзыреттілігі алып тасталды.

Асланбек Жақыпов «анықтау және жазалаудан» «алдын алу және ескертуге» мемлекеттік бақылауды қайта бағдарлаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін кәсіпкердің әкімшілік жауаптылығын қысқарту және оны анықталған бұзушылықтарды жою туралы бұйрық арқылы ескертумен алмастыру ұсынылады.

Бұл тексерудің «жазалаушылық» бағытын азайтуға және бизнесменге анықталған бұзушылықтарды айыппұл санкцияларына қосымша шығын жұмсамай-ақ түзетуге мүмкіндік береді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях