ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою

26 мая 2017 5
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою рәсімі жеңілдетілді. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күнін анықтау тәсілдемесі өзгертілді.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті төмендегідей ақпарат жариялады.

Дүниежүзілік Банктің DoingBusiness рейтингісінде Қазақстанның позициясын жақсарту мақсатында 27.02.2017 ж. № 49-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банк заңнамасын жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР Заңымен 2017 жылдың 1 мамырынан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою рәсімі жеңілдетіледі.

2017 жылдың 1 мамырынан бастап салық төлеушілер ҚҚС төлеуші ретінде мынадай тәсілдермен тіркелуге құқылы:

1) «Салық төлеуші кабинеті» арқылы ҚҚС бойынша тіркелу есебі туралы салықтық өтініш беру жолымен;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде «электрондық үкімет» порталында «ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу» белгісімен өтініш беру;

3) Қызмет көрсету орталықтары арқылы келу тәртібімен ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салық төлеуші ретінде өтініш беру жолымен.

ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы электрондық түрдегі салықтық өтініштерді өңдеу мынадай мүмкіндіктер береді:

– мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бес жұмыс күнінен бір күнге дейін қысқарту;

– салықтық өтінішпен бір мезгілде ұсынылуға тиіс растаушы құжаттардың тізбесін алып тастау (қалыптасқаннан асып кеткендігін, орналасқан жерін растайтын құжаттар).

Сонымен қоса, ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру аясында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күнін анықтаудың тәсілдемесі өзгерді. Осылайша, ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берген күн ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою күні болып танылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях