ҚР Мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің тізбесі бекітілді

18 мая 2017 13
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2015 ж. № 1065 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2017 ж. № 46 бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2015 ж. № 1065 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі мынадай ұйымдармен толықтырылды:

 – «Комек Азат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

– «Общества инвалидов Даму Ниет 2016» қоғамдық бірлестігі

– «Добровольное общество инвалидов «Мерей» қоғамдық бірлестігі

– «Pharm Express» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

– «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі

– «Производственное предприятие инвалидов «АКНИЕТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

– «Қыран - Батыс Мүгедектері» қоғамдық бірлестігі

– «ДОС» тәуелсіз өмір» Орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі

– «Бірлік» мүгедек – кәсіпкерлердің қоғамы» қоғамдық бірлестігі

– «Көмек-Жетісу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі

– «Қазақ Мүгедектің қоғамы» қоғамдық бірлестігі

– «Колганат-Караганда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бұдан бөлек, көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидаларында 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

орталық уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган;

өтініш беруші – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі немесе Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі құрған ұйым.».

Сондай-ақ көрсетілген Қағидалардың 12-тармағының 5) тармақшасы мен 4-тармақтың 6) тармақшасына қазақ тілінде өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды.

Өзгерістер 2017 жылғы 23 мамырдан бастап күшіне енеді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях