Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою жөнінде жұмыс басталды

12 мая 2017 14
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ҚР «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнестің дамуы үшін маңызды 16 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ауқымды жұмыс бастады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою жөнінде жұмыс басталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша, Агенттік пен ҰКП-ның бірлескен мәжілісінде денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу салаларында өткізілген талдау нәтижелері қарастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов: «Аталған салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мүдделер қайшылығымен, нормативтік-құқықтық актілердегі дискрециялық уәкілдіктің бар болуымен, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің жетілдірілмегендігімен байланысты» деді.

Мәселен, құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алу үшін ең төменгі материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы қажет. Алайда заңды түрде аталған жабдықтың ең төменгі жинағы айқындалмаған, бұл лицензия берудің субъективті факторын арттырады.

Кепілдікті көлемде тегін медициналық көмек көрсету бағдарламасы аясында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жоғары талаптар қойылғаны анықталды. Денсаулық сақтау министрлігіне «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп сатып алу жүйесінің әрі қарай даму стратегиясын жасап шығаруды, оның ішінде электронды форматқа көшу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Мемлекеттік сатып алу саласында аталған салада мемлекеттік саясат пен бақылауды жүзеге асыру бойынша Қаржы министрлігінің кұзырет қайшылығы айқындалды. Салауат Мүксімов атап өткендей, бұл аталған саланың дамуына кедергі болуы және әділетсіз бақылауға алып келуі мүмкін.

Анықталған тәуекелдерді жою үшін министрліктің атына тиісті ұсынымдар әзірленді.

Сондай-ақ Агенттікте «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» жобасына ерекше мән берілді. Салауат Мүксімовтің айтуынша, қазір Агенттіктің барлық аумақтық департаменттерінде жауапты тұлғалар айқындалып, оларға порталдарға мониторинг жасау үшін электрондық цифрлық қолтаңбалар берілді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях