Салық саясаты және әкімшіліктендіру бойынша конференция өткізіледі

11 мая 2017 10
Атырауда 26 мамырда «Салық саясаты және әкімшіліктендіру: жаңа тәсілдер» атты конференция өтеді. Оған 500-ден астам бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде. Конференция жұмысына қатысу тегін.

Салық саясаты және әкімшіліктендіру бойынша конференция өткізіледі

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференция тақырыбы салық төлеушілер арасында және жалпы қоғамда туындайтын ең маңызды тұжырымдамалық мәселелерді қамтиды.

Конференция жұмысына министрліктердің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің басшылары, Астана, Алматы қалалары мен облыстар бойынша мемлекеттік кіріс департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар, жетекші аудиторлық, заң және кеңес беру компанияларының өкілдері, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен басқа салық төлеушілер қатысады.

Қазіргі таңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі қабылдануы 2017 жылға жоспарланған жаңа Салық кодексін әзірлеуде. Салық заңнамасын реформалаудың негізгі бағыттары:

– қосылған құн салығын алу механизмін жетілдіру;

– қолданыстағы арнайы салық режимін реформалау;

– жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін жетілдіру;

– тиімді емес жеңілдіктерді, соның ішінде ДСҰ қарама-қайшы келетін салық жеңілдіктерін алып тастау;

 – салықты әкімшіліктендіруді жетілдіру болып табылады.

Конференция аясында ҚР ҚМ МКК өкілдерінің, ЭШФ АЖ мен бақылау-кассалық машиналар жасайтын компаниялар, жетекші консалтинг компаниялар өкілдерінің және т.б. қатысуымен конференция мәселелері бойынша кеңес стенді (қызметтер көрмесі) ұйымдастырылатын болады. Кеңесшілер көмегімен конференция қатысушылары:

– ЭШФ АЖ-мен жұмыс істеу үшін кілттер ала алады;

– жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша кеңес ала алады;

– ЭШФ АЖ жұмысының ережелерімен танысып, электрондық шот-фактуралар жазуды және жіберуді үйренеді.

Конференцияға қатысу үшін 24 мамырға дейін Қазақстан салық төлеушілерінің ассоциациясы сайтына (http://ank.kz/events/conf/64565/) тіркелу керек.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях