Мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлықтың өсу проблемасы

5 мая 2017 6
Астанада ҚР «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту бойынша шаралар талқыланды.

Мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлықтың өсу проблемасы

ҚР «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, кездесу барысында ұлттық заңнаманың осал тұстары, мемлекеттік сатып алудың барлық бағыттары мен процестері, олардың өткізілуін бақылау мәселелері талқыланды.

ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов: «Үкімет мемлекеттік сатып алу саласында аз жұмыс істеп жатқан жоқ. Сонымен бірге, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметтері бойынша, мемлекеттік сатып алу жүйесі экономиканың ең сыбайласқан саласының бірі болып қалып отыр. Іс жүзінде барлық сыбайласқан қылмыстардың 20 %-ы мемлекеттік сатып алумен байланысты», – деп атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцевтің айтуынша, Қазақстанда әрбір бесінші лот заңды бұза отырып өткізіледі. «Мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамайды, қосымша талаптар белгілейді, сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзады, есепті дұрыс жүргізбейді, біліктілік талаптарына сай келмейтін өнім берушілерді негізсіз таңдайды. Прокуратура 4 000 бұзушылықты анықтады, 26 млрд теңгеден астам соманың 775 мемлекеттік сатып алуының қорытындылары жойылды. 1 739 тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны – 1 351», – деді депутат.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтің айтуынша, проблемалардың бірі бір көзден алу тәсілімен сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Олар 56 негіздеме бойынша жүзеге асырылады, бұл сатып алудың 40 %-дан астамының бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылуына алып келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері бойынша, мемлекеттік сатып алу саласында 317 сыбайласқан қылмыс анықталды. Бұл жер қатынастары (237), құрылыс пен ТКШ (164), білім беру (150) сияқты және басқа да салаларға қарағанда айтарлықтай жоғары.

Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мұның себебі бәсекелестік емес тәсілдердің үлесінде деп болжайды. Сондай-ақ Руслан Бекетаев ведомство мемлекеттік сатып алу саласында ашықтықты қамтамасыз ете алады деп есептейді. «Біздің үлгіміз әлемдегі ең үздік үлгінің бірі деп танылды. Мәселен, Дүниежүзілік даму банкі. Бірақ бұл бізге босаңсу құқығын бермейді», – деді вице-министр.

Кеңес отырысының қорытындылары бойынша Үкіметтің, Қаржы министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың мекенжайына ұсыныстар енгізілді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях