Кәсіпкерлер үшін сатып алудағы негізгі кедергі

4 мая 2017 11
ҚР «Атамекен» ҰКП қатысуымен «Нұр Отан» партиясы фракциясының Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында сатып алу саласындағы отандық тауар өндірушінің проблемалары талқыланды.

Кәсіпкерлер үшін сатып алудағы негізгі кедергі

ҚР «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, 2016 жылы әлеуетті өнім берушілердің бастамасымен 8 000 техникалық ерекшеліктің 3 800-ден астамы өзгертілді, яғни тең жартысына жуығынан бұзушылық табылды. Бұл туралы өз баяндамасында Шығыс Қазақстан облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий хабардар етті.

«Бүгінде отандық тауар өндірушінің сатып алуына рұқсат беруге кедергі келтіретін жүйелі проблемалар бар. Олардың бастысы тапсырыс берушінің белгілі бір өнім берушілер үшін конкурстық құжаттаманы (техникалық ерекшеліктің) «қайрауы» болып табылады», – деді Игорь Шацкий.

Соңғы жылдары жаңа құралдардың көмегімен бұзушылықты тыю әрекеттері орын алды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорының айтуынша, істелген әрекеттердің алғашқысы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттамасын (техникалық ерекшеліктің) алдын ала талқылау. Игорь Шацкийдің айтуынша, бұл жұмыс істеп тұр, бірақ «қайрау» проблемасын толығымен жоя алмайды.

Келесі қадам Мемлекеттік ішкі аудит комитетінің тікелей мемлекеттік сатып алудың веб-порталында камералдық бақылау жүргізуі болды.

«2016 жылы камералдық бақылау арқылы сомасы 4 трлн теңгеден астам 226 мың сатып алу қамтылды (олардың ішінде конкурс тәсілімен және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу бойынша 4 трлн теңге сомасына 223 мың сатып алу). Аталған жұмыс барысында сомасы 463 млрд теңгенің 43 мың сатып алуында бұзушылықтар белгіленді және жойылды», – деді спикер.

Алайда өткізілген сатып алулардың барлығы бірдей камералдық бақылаумен қамтылған жоқ.

«Қайрауға» қарсы тағы бір тетік пайдаланылуы мүмкін – тапсырыс берушілердің техникалық ерекшелікті (немесе техникалық тапсырманы) әзірлеу кезінде салалық сарапшыларды тартуы. Бұл ретте тартылған сарапшы әрі қарай өткізілетін сатып алудың қатысушысы (немесе қатысушының жұмыскері) бола алмайды. Осы фактіге байланысты аталған норманы бизнес талап етпейді.

«Сөзсіз, біз жоғарыда көрсетілген үш ұсынысты жетілдіруге дайынбыз, дегенмен олардың барлығына адами фактордың ықпалы зор болмақ», – деп қорытты сөзін Игорь Шацкий.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях