Энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша тапсырыс берушілер үшін ақпарат

3 мая 2017 7
Ақпарат энергиямен жабдықтау қызметтері бойынша өнім берушілердің акт ұсынуына қатысты тапсырыс берушінің талаптары туралы.

Энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша тапсырыс берушілер үшін ақпарат

ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталында төмендегідей ақпарат жарияланды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату жағдайында жүзеге асырылады.

Тұтынушылармен шарт жасасу (мемлекеттік мекемелермен) Энергетика министрінің 20.03.2015 ж. № 233 бұйрығымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты шеңберінде өнім беруші ай сайын электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің немесе шарт талаптарына сәйкес тұтынудың басқа есебінің негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 7-сінен кешіктірмей тұтынушыға төлем құжатын жазып беретіні көзделген.

Осылайша, ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 ж. № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, төлем құжаты соның негізінде тұтынушы төлем жүргізген құжат (төлем есебі, шот-фактура, хабарлама, квитанция) болып табылады. Сонымен бірге атап кетейік, Азаматтық кодекстің 387-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады.

Осылайша, жария шарт шеңберінде энергиямен жабдықтау қызметтеріне байланысты өнім берушілердің акт ұсынуына қатысты тапсырыс берушінің талабын жоққа шығару егер көрсетілетін қызметтердің есебі сертификатталған есеп жүйесі (құралдар) арқылы жүргізілген жағдайда мүмкін деп санаймыз.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях