Мәжілісте жеке меншік медицинаның мәселелері талқыланды

26 апреля 2017 14
«Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Әлеуметтік Кеңес пен ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің Қазақстандағы жеке меншік медицина жүйесіне арналған бірлескен отырысы болып өтті.

Мәжілісте жеке меншік медицинаның мәселелері талқыланды

ҚР «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, мәжіліс барысында медициналық қызмет көрсететін кәсіпкерлердің проблемалары сөз болды.

ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева «денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын құрылыс және санитариялық нормалар мен ережелердің жетілмеу» мәселесі неғұрлым жиі көтерілетінін атап өтті.

Сондай-ақ Юлия Якупбаева жеке меншік медициналық ұйымдардағы проблемаларды саралап берді:

1) мемлекеттік тапсырысқа қолжетімділіктің бірдей еместігі (мемлекеттік ұйымдарда ТМККК-нің басымдылық құқығы бар);

2) медициналық қызмет көрсету тарифтері барлық шығынды қамтымайды, инвесторлар үшін тартымды емес (қымбат құрал-жабдықты сатып алуға кететін шығындар, жөндеуге жұмсалатын және т.б. шығындар есептелмейді).

Бұдан бөлек, қазіргі кезде Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің (ДБАЖ) әртүрлі порталы арасында бірігу жоқ. ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге қатысатын ұйымдардың бірнеше ақпараттық бағдарламада жұмыс істеуіне тура келеді (20-дан астам портал).

ММӘС жүйесінің енгізілуіне байланысты сәйкес тиімді ақпараттық жүйе керек – бұл жүйе ЖСН базасында аударымдар мен жарналар есебін қамтамасыз етеді және медициналық ұйымдарға барлық қажетті жедел ақпаратты онлайн-режимде көруге мүмкіндік береді.

ҰКП өз кезегінде ұсыныстар енгізді, олардың арасында:

– ТМККК және ММӘС шеңберінде көмек көрсету кезінде қалыптастырылатын жеке меншік медициналық ұйымдардың ресурстарын барынша ескеру;

– ММӘС және ЕМС үйлесімі деңгейінде немесе емделушінің ММӘС пен жеке меншік төлемдерді үйлестіруі кезіндегі бірлесе төлеу тетігін қарастыру;

– жұмсалған шығын түрлерін анықтай отырып, медициналық қызмет көрсетудің тарифін құру тетігін қайта қарау;

және басқалар бар.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях