Еуразиялық электрондық портал және оның сатып алу процесіне ықпалы

14 апреля 2017 15
10 сәуірде «Атамекен» ҰКП «Нарық мониторингі және сараптамасы орталығы» ЖШС және «Ғылым қоры» АҚ Еуразиялық электрондық порталды пайдалану туралы Келісімге қол қойды. Портал грант алушылардың сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Еуразиялық электрондық портал және оның сатып алу процесіне ықпалы

ҚР «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, Келісімнің мәні – «Ғылым қоры» АҚ грант алушылардың сатып алу процестерін жария және ашық ету, грантқа бөлінген қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау саласындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік болып табылады.

 «Ғылым қоры» АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi – басым, бастамашыл, тәуекелді зерттеулер мен елдегi ғылыми зерттеулердiң практикалық iске асырылуын қамтамасыз ететiн тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың дамуына жәрдемдесу.

 «Нарық мониторингі және сараптамасы орталығы» ЖШС-ның басты міндеті – «Нарық мониторингі және сараптамасы орталығы» бірыңғай қазақстандық ақпараттық-сараптамалық бизнес-порталын құру.

Еуразиялық электрондық портал (ЕЭП) – қағазсыз сатып алу рәсімдерінің толық циклін өткізу электрондық сервисін қамтамасыз ететін қолжетімді ақпараттық жүйе.

ЕЭП-тегі электрондық сатып алулар нақты уақыт режимінде өткізіледі және заңды тұлғаларға заңды әрекеттерді электрондық цифрлық қолтаңбамен растау арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді іске асыру бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді электрондық нысанда жасауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях