Қазақстан ДСҰ Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетін басқарады

14 апреля 2017 10
Мұндай тағайындау ДСҰ-ға мүше елдердің Қазақстанға деген сенімінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Қазақстан ДСҰ Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетін басқарады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 7 сәуірде Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас кеңесінің отырысында 2017 жылға ДСҰ басты органдарының төрағаларын тағайындау өтті.

Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, БҰҰ бөлімі және Женевадағы өзге халықаралық ұйымдардың жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетін басқарады.

Жанар Айтжанованы ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитеті төрағасы лауазымына дамушы елдердің өңірлік Азия тобы ұсынды, Қазақстан оған 2016 жылдың қараша айында қосылған болатын.

ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитеті ДСҰ-ға мүше елдер үкіметтері арасында сауда саясатының қоршаған ортаға және қоршаған ортаның саудаға әсері бойынша диалогқа арналған тұрақты форум болып табылады.

Комитетті әр жылдары Аргентина, Сингапур, Венгрия, Словакия, Египет, Польша, Түркия, Малайзия, Финляндия, Гонконг, Колумбия, Таиланд және Чили елдерінің елшілері басқарды. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях