Өнім берушілер мен құрылыс саласы өндірушілерінің реестрі туралы

13 апреля 2017 18
Құрылыстағы бағаларды реттеу мақсатында ҚР ҰКП Өнім берушілердің реестрін құру мәселесін мемлекеттік органдармен бірлесіп қолға алатын болады. Реестрде отандық тауар өндірушілердің, ал келешекте импортерлер мен дистрибьюторлардың мүддесі ескерілмек.

Өнім берушілер мен құрылыс саласы өндірушілерінің реестрі туралы

ҚР «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, Палата алаңында құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің мәжілісі болып өтті. Мәжіліс ҰКП Президиумының басшысы Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен өткізілді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы көптеген мәселелер өңірлік кәсіпкерлерді алаңдатып отыр. Осындай проблемалардың бірі заңнамаға енгізілген демпинг болып табылады.

Сондай-ақ ҰКП өз алаңында ЖСҚ әзірлеу тәртібі мен сапасының мәселелері бойынша тұрақты әрекет ететін Жұмыс тобын құрады.

Құрылыстағы нақты нарықтық бағаларды ескермейтін баға белгілеу жүйесі де көңіл бөлуді талап етеді.

Тимур Құлыбаев құрылыс саласында Өнім берушілер мен өндірушілердің реестрін құруды тапсырды. Реестр құрылыс саласындағы нақты статистика мен баға белгілеудің шынайы саясатын жүргізуге жол ашатын сенімді әрі бірыңғай базаға айналмақ.

Бұдан бөлек, ҰКП басшысы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, саладағы жүйелі мәселелерді шешуді тапсырды. Оның ішінде сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласында Салалық кодекс дайындау мәселесі де бар.

Сондай-ақ ҰКП Президиум төрағасы жеңімпаз-компаниялар тізбесін анықтау үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы құрылыс саласындағы сатып алуларға соңғы бес жыл бойынша сараптама жасауды тапсырды.

Ресми статистика бойынша осы саладағы субъектілер саны 60 мыңнан асады, алайда қауымдастықтардың нарықтағы үлесі төмен. Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірге құрылыс саласында Өзін-өзі реттеу ұйымын құру және мемлекеттік функцияның бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру мәселесін талқыға салу керек. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях