Сұранысты азайту және ықшамдау жағдайындағы мемлекеттік сатып алулар

4 апреля 2017 13
Ақтөбеде «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлердің өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Сұранысты азайту және ықшамдау жағдайындағы мемлекеттік сатып алулар

ҚР «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, Тимур Құлыбаев отырыс барысында 2017 жылы шешілуге тиіс бірқатар мәселелерді атап көрсетті. Сұранысты төмендету және ықшамдау тұрғысындағы сатып алулар мәселесіне де назар аударылды.

 «Мұнай бағасының күрт төмендеуі мен девальвациядан кейін іскерлік белсенділік төмендейді. Отандық кәсіпкерлерге мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Демпинг, отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша  мәселе өңірлердің барлығына ортақ. Әкімдіктер, жер қойнауын өндірушілер сатып алуларды жүзеге асырғанда бірінші кезекте отандық кәсіпкерлердің мүддесін есепке алуы үшін біз өңірлік палаталардан ұсыныстар күтіп отырмыз», – деді ҰКП Президиум басшысы.

Тимур Құлыбаев атап өткендей, өңірлік тауар өндірушілердің әкімдіктер мен жергілікті жер қойнауын өндірушілердің жүйесіне қамтылуын іске асырумен айналысу қажет.

Сөз сатып алудың бәсекеге қабілетті болуға тиіс екендігі туралы болып отыр.

«Қолданыстағы өндірістердің жаңғыруын жүзеге асыру, өнімнің жаңа түрлерін игеру, бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы өз өңіріңе, басқа облыстардан басқа, ішкі нарықты ғана емес, Қазақстаннан тыс жерлердің нарығын бағындыру үшін ұзақмерзімді келісімшарттар жүйесі арқылы сатып алуларды қолдану жолдарын ойластырғанымыз жөн», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Сондай-ақ отырыста кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, жекешелендіруге, Салық кодексіне қатысты мәселелер де талқыланды.

Тимур Құлыбаевтың айтуынша, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ҚР Үкіметімен бірлесіп үнемі қазіргі қажет мәселелерді қолға алып келеді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях