Әуе көлігімен тасымалданатын тауарлар туралы

30 марта 2017 6
ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап міндетті бола бастайды.

Әуе көлігімен тасымалданатын тауарлар туралы

Алматы қ. Мемлекеттік кіріс департаментінің ақпараты бойынша, аумағында тауарды әкелу орны орналасқан  Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден органына алдын ала ақпарат жіберілуге тиіс. Ақпаратта әуе кемесі, ұшу маршруттары туралы мәліметтер, сондай-ақ әкелінетін тауар жөнінде мәліметтер қамтылады.   

Тауар әкелуді жүзеге асырған тасымалдаушы немесе тасымалдаушының тапсырмасы бойынша және соның атынан әрекет етуші басқа тұлға мұны ЕАЭО кеден шекарасы арқылы тауарды алып өткенге дейін кемінде 2 сағат ішінде істеуге тиіс.

Алдын ала ақпарат толық көлемде берілмесе, сондай-ақ техникалық талаптармен айқындалған құрылым мен форматқа сәйкес келмесе, осы ақпаратты ұсынған тұлғаға алдын ала ақпаратты қараудан бас тарту туралы электрондық хабарлама жіберіледі (бас тарту себебі көрсетіледі). Бұл жағдайда алдын ала ақпарат ұсынылмаған болып саналады. Алдын ала ақпаратты қарауды қабылдаудан бас тарту себебі жойылғаннан кейін, ол кеден органына қайтадан ұсынылады.

Алдын ала ақпаратты ұсыну ЕАЭО-ға қатысушы елдер кеден органдарының ақпараттық жүйесінің және қызығушылық танытқан тұлғалардың ақпараттық жүйесінің өзара әрекеттесуі жолымен немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдарының веб-порталдары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тасылатын тауарлар мен көлік құралдарына, халықаралық поштамен жіберу арқылы жолданған тауарларға қатысты алдын ала ақпарат ұсыну талап етілмейді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях