Алматыда кәсіпкерлер конференциясы өтті

29 марта 2017 9
ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің және Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясында Өңірлік палатаның бір жыл ішіндегі қызметінің қорытындылары айтылды.

Алматыда кәсіпкерлер конференциясы өтті

ҚР «Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, бір жыл ішіндегі Өңірлік палата қызметінің қорытындылары туралы Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков хабардар етті.

2016 жылы Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы 5,4 млрд теңге соманы құрайтын бизнестің мүліктік құқығын қорғады, кәсіпкерлерден түскен 163 өтінім мен 59 сот актісі оң шешілді.

«Кәсіпкерлерден түскен өтінімдерге жасалған талдауға жүгіне отырып, Палатаның бүкіл қызмет ету уақыты ішінде мынаны көруге болады. Салықтық құқық бұзушылық саласындағы мәселелер ­ –  20 %, кәсіпкерлер арасындағы дау – 14 %, жер мәселелері, сәулет және құрылыс – 10 %, сатып алу – 7 %, лицензиялар мен рұқсаттар – 4 %, қаржылық сектор – 4 %, транспорт 3 %-ға ие», – деп түсіндірді Ерлан Стамбеков.  

Палата жанынан Бухгалтерлер клубы құрылғаны белгілі. Оны құрудағы негізгі мақсат – салық салу, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептеме саласында бухгалтерлердің кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыруға өзара ықпал ету. Өтінімдер статистикасын қарайтын болсақ, салық салу мәселесі бойынша олардың үлесі  2015 жылы 405 болса,  2016 жылы 238-ге дейін төмендеді, салықтық заңнаманы түсіндіру бойынша өтінімдер саны екі еседен аса азайды. Аталған көрсеткіштер Палатаның жүргізген жұмыстарына дәлел бола алады.  Бұл бағыттағы оның жағымды теңгерімі Doing Business Дүниежүзілік банкі рейтингіндегі Қазақстан позициясының жақсарғанынан көрінеді, онда Қазақстан 16-позицияға (51-ші орыннан 35-ке) көтерілді, ал рейтингтегі өлшем Алматы қ. бойынша жасалады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях