Жаңа Салық кодексі: ҚР «Атамекен» ҰКП ұсыныстары

28 марта 2017 13
ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салықтық әкімшілікті жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныстарды талқылауға енгізді.

Жаңа Салық кодексі: ҚР «Атамекен» ҰКП ұсыныстары

ҚР «Атамекен» ҰКП хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. «Атамекен» ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Салық кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына белсене қатысады.

ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, қазіргі таңда арнайы салық тәртібін реформалау, ҚҚС алу механизмін жетілдіру мен тиімсіз салықтық жеңілдіктерді алып тастау анағұрлым тұжырымдамалық мәселелер болып табылады.

Сондай-ақ еңбек төлемі қорына жүктемені арттыруды жоспарлау мәселесін шешу де маңызды. Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы енгізілетін болады. Жекешелендіру мен МЖС мәселесі бюджетті қысқартуға арналған тағы бір қор болып табылады.

Ұлттық палата мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып отырған, оның ішінде дамыту институттары мен ұлттық компаниялар арқылы кететін көптеген бағыттар бар деп санайды.

Осыған байланысты Палата мынадай ұсыныстарды талқылауға енгізеді:

– мемлекеттік жоспарлау мен жергілікті атқарушы органдар шығынын жоспарлауға, оның ішінде инвестициялық жобаларды, МЖС жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік тапсырысты жоспарлауға бақылауды күшейту;

– жұртшылықты барынша тарта отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне түгендеу жүргізу;

– бюджет арқылы іске асырылатын инвестициялық жобалардың толық тізімі туралы ақпаратты, оның сол уақыттағы жағдайын, деңгейін және т.б. көрсете отырып, жұртшылыққа қолжетімді ету;

– басымдықты, қаржылық және экономикалық тиімділікті, инвестициялық жобалардың шығыны мен табысының ара салмағын анықтау белгілеріне сараптама жүргізу; тиімсіз жобаларды жүзеге асыруды тоқтату;

– ұзақмерзімді сервистік келісімшарттардың, МЖС механизмдерінің есебінен мемлекеттік тапсырысты орындауда жеке меншік секторды барынша ынталандыру әрі тарту.

Өз кезегінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ҰКП бюджет қаражатын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерінің жұмсау тиімділігін бағалауға белсенді түрде қатысуға дайын.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях