ҚР Премьер-министрінің қатысуымен мемлекеттік сатып алу тақырыбында өткен жиын

18 марта 2017 13
Өскеменде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша республикалық жиын болып өтті.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, жиынға ҰКП-ның, мемлекеттік органдардың, аймақтардың басшылары мен 100-ден астам бизнес өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында сатып алу жүйесіндегі бірқатар проблемалық мәселелер сөз болды: сатып алу жоспарын мерзімінде жариялау, сатып алуды өткізу кезінде отандық өндірушілердің өнімдеріне басымдық беру (оның ішінде ЖСҚ әзірлеу мен іске асыру барысы), жергілікті қамтуды тендерге дейін және одан кейін бақылауды күшейту, квазимемлекеттік секторда жауапкершілік енгізу, т. б. Сондай-ақ біліктілік бойынша алдын ала іріктеу және индустриалдық сертификат жөніндегі мәселелер қозғалды.

Тендерден кейін бақылау жүйесін дамыту және жобаларды жергілікті қамтумен толтыру тақырыбын Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий сөз етті. «Мемлекет тарапынан отандық өндірушілерді қолдау бойынша көптеген шаралар қабылданып жатыр, алайда қазіргі жағдайда бұлар жеткіліксіз. Ішкі нарықты заңнамалық деңгейде қорғаудың түбегейлі тәсілдемесі қажет», – деп атап өтті ол.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес ұстанымын екі алаңда саралады: мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның сатып алуы.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов сатып алу жүйесінің қолданылу тәжірибесі мен практикасына сүйене отырып, оны қайта қарастыру бойынша бизнеске алғаш рет мүмкіндік беріліп отырғанын атап өтті.

 «Атамекен» ҰКП-мен бірге мемлекеттік салып алу жүйесін жетілдіру бойынша бастаған ісімізді жыл соңына дейін тиянақтаймыз», – деп түйіндеді сөзін Бақытжан Сағынтаев.

Жиын қорытындысы бойынша өңір әкімдіктеріне ҰКП-мен бірлесіп жергілікті қамтуды бақылау бойынша комиссия құру тапсырылды, ал мемлекеттік органдарға сөз болған проблемалық мәселелерді анықтау жүктелді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях