Бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша аймақтар рейтингі жасалатын болады

15 марта 2017 10
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басшысы Сержан Мәдиев биыл бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша Қазақстан аймақтарының бірінші рейтингі жасалатынын айтты.

Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша аймақтар мен қалалардың рейтингін жасау қажеттілігін атап өтті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша, мұндай рейтинг биылдың өзінде-ақ жасалатын болады.

«Биыл біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа рейтингті іске қосамыз. Бұл бизнес жүргізудің жеңілдігі принципі бойынша аймақтардың рейтингі болмақ. Біз үшін бұл жаңа нәрсе емес, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін соңғы 2-3 жылда осындай рейтинг жасап келеміз, алайда ол қазір палата міндеттеріне жауап береді, олар да мониторинг жүргізеді, соның негізінде өз қорытындыларын жасайды, проблемалар мен үйлесімсіздіктерді іздейді. Қазір Үкімет Ұлттық экономика министрлігі атынан бизнес жүргізудің жеңілдігі принципі бойынша аймақтардың рейтингін жасауға тапсырыс берді», – деп хабарлады Сержан Мәдиев.

Экономикалық зерттеулер институты басшысының пікірінше, мұндай рейтинг Үкіметтің облыстарға неғұрлым мақсатты түрде қолдау көрсетуіне көмектеседі. Қалалар мен аймақтардың рейтингін жасау кезінде ҚР «Атамекен» ҰКП-мен және Дүниежүзілік банкпен жұмыстың тәжірибесі қолданылатын болады. Мұндай тәсілдеме аймақтарда не болып жатқанын көруге мүмкіндік береді, облыстар арасында бәсекелестікті дамытуға көмектеседі.

Рейтинг жасау жыл сайын жүргізілетін болады.

Сержан Мәдиев сондай-ақ Қазақстанның жыл сайын Дүниежүзілік банктің ғаламдық рейтингіндегі өз айқындамасын жақсарту үшін жұмыс істейтінін атап өтті, бұның өз кезегінде сыртқы инвестицияны тартуда маңызы зор.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на новости

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях